VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде... » Нағарашы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Нағарашы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде...
29
март
2023

VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде...

VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына қатысты келелі мәселелерге тоқталды.
Рас, соңғы жылдары педагог мәртебесін нығайтып, білім саласын күшейтуге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Бұған дейін педагогика мамандарының еңбекақысы мардымсыз, қағазбастылыққа белшеден батып атқарар жұмыстың да салмағы еселеп артқан болатын. Соңғы жылдары Президент мұғалімдерді басы артық қоғамдық жұмыстарға жекпеуге, қағазбастылықтан арылып, оқушының зейінін ашуға көп көңіл бөліп, білім саласын өркендетуді тиісті орындарға тапсырған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарына сәттілік, тілеп, ел сенімі ең басты құндылық екенін баса айтты. Білім саласына қатысты сөйлеген сөзінде «Адам капиталының сапасын барынша арттыру керек. Бұл мәселе менің айрықша назарымда екенін білесіздер. Себебі, Қазақстанның басты байлығы – ол адам. Қарым-қабілеті зор, білімді азаматтар елімізді алға бастайды, көшті өрге сүйрейді. Сол үшін білім беру жүйесін жан-жақты дамыту қажет. Соңғы жылдары мемлекет бұл салаға бөлетін инвестицияның көлемін едәуір көбейтті. Балабақшадағы балаларға деген орын тапшылығы да біртіндеп азайып келеді. Барлық облыста мектеп салу, оны жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бірақ, мұның барлығы жеткіліксіз», – деді Президент.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім сапасын, әсіресе, орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажет. Білім беру саласында ұстаз – ең басты тұлға. Оның қоғамдағы абырой-беделін арттыра беруіміз керек. Алайда, мұғалімдердің, директорлардың және педагогикалық оқу орындары түлектерінің көпшілігі Ұлттық біліктілік емтиханынан өте алмады. Маған кейбір тәжірибелі ұстаздар тиісті министрлік дайындаған тапсырмалар тым күрделі деп шағымданды. Бәлкім, оны жеңілдету, жетілдіру керек шығар. Бұл салада қатып қалған қатаң ереже болмауы керек. Бірақ, негізі, ұстаздарға қойылатын талап жоғары болуға тиіс» деген ұстанымын толық қуаттаймын дейді Гаухар Жансерке.
«Біз сонау тоқсаныншы жылдардың басындағы тоқырау тұсындағы қиындықтарды, одан бұрынғы кеңестік заман кезеңіндегі тұсау мен шідерлеуді де бастан өткердік. Қазір шүкіршілік педагогтерге деген қамқорлық та, құрмет те жоғары. Талап қылып еңбек етсең, мәртебең де биіктейді, табысың да артады. Сенсеңіз мен бір жылдары туған ауылымда балаларды спортқа, оның ішінде күреске жыл бойы тегін жаттықтырдым. Ата-анадан да, мектептен де айлық сұрағам жоқ. Басты ұстанымым – өз ісімнің маманы екенімді дәлелдеп, оқушыларды білікті балуан дәрежесіне көтеру болды. Балуандарымыз облыстық, республикалық турнирлерде жеңіске жетті. Президент Қ.Тоқаев бүгін Парламентте сөйлеген сөзінде педагог мамандығына өз ісін шебер білетін, ерекше құрметтейтін жандарды қабылдау қажеттігін, мұғалімдік қызметті кез келген жанға жүктей беруге болмайтынын ескертіп, турасын айтып отыр. «Мұндай қадамға бару ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті, мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет. Білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілуге тиіс. Осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет. Бізде Президенттік жастар кадр резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады. Осыған орай, тиісті бағдарлама қабылданады. Кадр мәселесі жоғары білім беру жүйесі үшін де өте өзекті», – деді мемлекет басшысы.