"Үлгілі үйдің қыздары" қыздар жиналысы. » Нағарашы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Нағарашы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Үлгілі үйдің қыздары" қыздар жиналысы.
28
ноябрь
2023

"Үлгілі үйдің қыздары" қыздар жиналысы.

"Еркеназ" қыздар ұйымының жетекшісі Т.Н.Қасқарбаева мен мектеп психологы Ж.Б.Абилгазиеваның ұйымдастыруымен 28.11.2023ж. "Үлгілі үйдің қыздары" тақырыбында кезекті қыздар жиналысы өткізілді. 
Мектеп директоры Айшолпан Рахимбаева - ны жиналысымызбен тұспа-тұс келген жаңа жасымен құттықтаудан басталған қыздар жиналысына Жерұйық Ауылдық Мәдениет Үйі басшысы Б.Батырбекқызы, ата-аналар комитетінің төрайымы У.Бектембекова және Талды Ауылдық Округі және Жерұйық ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Ж.Бейлдиевалар қатысып, қыздарға өз өмірлерінен, өз уақыттарынан мысалдар келтіре отырып, өткір тілмен өзекті мәселер, жақсы-жақсы кеңестерін жаудырды.
Сонымен қатар "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында соңғы 2 ай бойы Ж.Байғабылқызының ұйымдастыруымен 7-11 сынып қыздары арасында "Жаңа МЕН" бағдарламасы жүргізілген болатын. Яғни қыздарға кітап оқу, армандарын жазу, САХАР фильмін көру сияқты тапсырмалар берілген болатын. Бүгінгі жиналыста сол тапсырмалардың нәтижесін шығарып, үздік шыққан оқушылар мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды. 
"ЕРКІН МИКРОФОН" кезегінде жиналысқа қатысқан ата-аналар арасынан Ж.Журатбаева, Н.Болатбековалар сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, осындай жиналыстар тағы да кең көлемде жалғасын таба берсе деген тілектерін білдірді.