"Сырғалым - сырласым" » Нағарашы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Нағарашы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сырғалым - сырласым"
22
декабрь
2023

"Сырғалым - сырласым"

"Нағарашы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Даналық мектебінің жылдық жоспарына сәйкес 5-11 сынып қыздары мен олардың жеңгелері арасында "Сырғалым - сырласым" байқауы өтті. 
Сайыс таныстыру, сұрақ-жауап, өз өнері, жеңгелері қайынсіңлісінің шашын өру және тағам әзірлеу сынды 5 кезеңнен тұрды. 
Сайыс қорытындысында өнерімен көпшілікті тамсандырып, ерекше көзге түскен жұптар марапатталды.
Бас жүлде 11-сынып оқушысы Нұрғали Сезім жеңгесімен;
І орын 9 А сынып оқушысы Нажмеденова Мунира жеңгесімен.
ІІ орын 7-сынып оқушысы Смағұл Нұрила жеңгесімен.
ІІІ орын 5 Б сынып оқушысы Гаукарбек Аружан жеңгесімен.
Барша қатысушыларға зор алғыс. Тек биіктерден көріне беріңіздер.
Өткізген: Курванали Шынар, Тогжан Нургаликызы