05
январь
2024
" Мен оқыған бір ертегі"
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Нағарашы орта мектеп кітапханасында Оқуға құштар жобасы аясында, 4 сынып оқушыларымен " Мен оқыған бір ертегі" тақырыбында ауыз әдебиетімен еркін әңгімелесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Ертегі арқылы оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту, ертегіні оқи отырып жақсылық пен жамандық туралы айыра білуге үйрету. Сынып жетекшісі: Смагулова Б.