"Ауғанның асуында от кешкендер" » Нағарашы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Нағарашы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ауғанның асуында от кешкендер"
06
февраль
2024

"Ауғанның асуында от кешкендер"

"Нағарашы орта мектебі" КММ-де Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай  "Ауғанның асуында от кешкендер" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухын тағылым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Кітапханашы Найманбаева Р. "Ауған соғысы: тарих, шындық, тағылым" тақырыбында баяндама оқыды. Кітап көрмесіне 10-сынып оқушылары мен сынып   жетекшісі қатысты. Көрме барысында сынып жетекшісі Ауған соғысы және оған қатысқан жерлес азаматтар Ауған соғысының ардагері Нұрабаев Қуаныш пен Құспанов Айтқұрман ағаларымыз жайлы мәліметтермен бөлісті.