"Көкжөтел" » Нағарашы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Нағарашы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2024

"Көкжөтел"

06.02.2024ж. 4 а-сынып оқушыларына көкжөтел ауруының алдын алу, екпеге оң көзқарас қалыптастыру мақсатында мектеп медбикесі Шынар Смановамен  "Көкжөтел" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жазбаша диктант алынды. 
Көкжөтел (лат. pertussіs) – жедел таралатын, көбінесе, 8 жасқа дейінгі балаларда болатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы қысқа таяқша тәрізді бактерия (Bordetella pertussіs). 1906 ж. Көкжөтелді бельгиялық ғалым Ж. Борде (1870 – 1961) ашқан. Қоздырғыш бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы тарап, сау балаға жұғады. Бактериялар баланың тыныс органдарында өсіп-өнеді. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, бірақ ол өте сирек те болса сырқат баланың тұтынған заттары (ойыншығы, ыдысы) арқылы жұғуы мүмкін. Көкжөтелмен бір рет ауырған бала қайталап ауырмайды, өйткені аурудан кейін организмде тұрақты иммунитет пайда болады. режим сақтап, тек дәрігер белгіленген әртүрлі антибиотиктерді уақытымен қабылдау керек. 
Сынып жетекшісі Смағұлова Б.Ә.