16
сентябрь
2024
Нағарашы орта мектебі КММ
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, "Нағарашы орта мектебі" КММ 2024-2025 оқу жылының басында «Отбасы күні» мерекесі аталып өтті.
Аталған іс-шараға білім алушылардың ата –аналары шақырылды.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, әлеуметтік педагог, педагог ұйымдастырушы мектеп психологы бірлесіп келген ата – аналарға психологиялық ахуал тудырып, жақсы көңіл - күйде шағын тренинг өткіздік.
Ата –аналарға әр бала жарық жұлдыз, ерекше тұлға, Қазақстан Республикасының бір азаматы екенін дәріптеп, әр отбасы мемлекетімізді құрайтыны айтылды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші рухани бай, кемел ұрпақ бесіктен шығады. Осындай ұрпақты тәрбиелеу әр ата –ананың басты міндеті.
«Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігі – саналы ұрпақ кепілі» деген қанатты сөзбен іс-шарамызды аяқтадық.