"Күзгі балл" » Нағарашы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Нағарашы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
октябрь
2023

"Күзгі балл"

 19 қазан 8-10 сыныптар арасында "Күзгі балл" сайысы өтті. Мақсаты: балалардың күз туралы түсініктерін бекіту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әдемілікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
      Байқауға әділ қазы алқалары сайланып , 5 сынып өз өнерлерін ортаға салып, бақ сынасты. Байқау 5кезеңнен тұрды. 
1 – кезең: Таныстыру 2 – кезең: «Күзгі вальс» 3 – кезең: «Өнерің өрге жүзсін» 4 – кезең: «Сән үлгісі» және шаш үлгісі 5 – кезең: Көрме. Үздік сурет және икебана.
Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар өлеңмен, әнмен өзерін таныстырып өтті. 
Өз өнерін көрсету кезеңінде қатысушылар күзге байланысты көрініс қойып, мың бұрала би биледі. Байқауға қатысушы сыныптар кезең кезеңмен өз өнерлерін ортаға салды. Күзгі сән кезеңінде әр сынып табиғи материалдардан,түрлі заттардан киім тігіп, көрерменге және әділқазы алқаларына  сән үлгісін көрсетті.  Күз мерекесіне арналған күзгі балдық билерін де көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.