"Қыз намысы - ұлт намысы" » Нағарашы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Нағарашы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қыз намысы - ұлт намысы"
18
январь
2024

"Қыз намысы - ұлт намысы"

"ЕРКЕНАЗ" қыздар ұйымының қаңтар айындағы жоспарына сәйкес "Қыз намысы - ұлт намысы" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгерим Саурамбекова қыздарға тазалық, тәртіп, тағы басқа мәселелер туралы мәлімдеме жасады.
Мектеп медбикесі Шнар Сманова жеке бас гигиенасы, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу жайлы өз ақыл-кеңестерін жеткізсе, мектеп психологы Жанаргуль Абилгазиева қыздарға психологиялық кеңестерін беріп, 1 ай уақыт ішінде орындау Кемел Тоқаевтың "Әке туралы ой" кітабын оқуға тапсырма берсе, қыздар жұмысының жетекшісі Тогжан Нургаликызы фильм көруге және армандар картасын жасауды ұсынды. Берілген тапсырмалардың нәтижесі шығарылып, марапаттау жүргізілетін болады.